AI және CoPilot: Бизнес мүмкіндіктер
Жасанды интеллект өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Күнделікті өмірмен қатар бизнесте де берік орын алды. Ол алуан мәселелерді шешеді, сұрақтарға жауап береді, жүйелерді басқарады, мәтіндер мен графика жасайды, мағыналы диалогтар жүргізеді.
Көпшілік AI деген ChatGPT және Midjourney сияқты жасанды интеллектке негізделген генеративті онлайн қызметтер деп санайды. Дегенмен, жасанды интеллект мүмкіндіктері мәтіндер мен кескіндер жасаудан әлдеқайда асып түседі. Біз бүгін AI, нейрондық желілер және олардың бизнесте қолданылуы туралы сөйлесеміз.
AI дегеніміз не
AI (Artificial intelligence) - бұл ақылды бағдарламалар жасайтын компьютерлік технологиялар саласы.
Мұндай қызметтер адамның ұзақ уақытын алып, жалықтырған тапсырмаларын орындайды. AI-дің ақыл-ойы жоқ, бірақ математикалық амалдар арқылы талдау жасап, жіктейді, болжайды және дайын нәтиже шығарады.
AI-дің қандай түрлері бар
Жасанды интеллект технологиялары күрделілігімен және өзін-өзі оқыту қабілетімен ерекшеленеді. Олардың кейбірін қарастырайық.
Реактивті машиналар
Кіріспе деректерге жауап беретін, бірақ әлемді тұтас қарастырмайтын бағдарламалар. Олар алдыңғы оқиғаларды жадында сақтамайды, сондықтан жаңа тапсырмаларды орындау кезінде қолданбайды. Яғни, олар тапсырманы тек алгоритм бойынша шешеді. Мысалы, IBM Deep Blue шахмат бағдарламасында барлық мүмкін жүрістер бар. Машина қарсыласқа ең жақсы нұсқасқаны есептеу арқылы жауап береді. Алгоритмдер математикалық тұрғыдан дәл, сондықтан бағдарлама танымал гроссмейстерлерді жеңе алады.
Жады шектеулі машиналар
Деректерді сақтап, оны жаңа шешімдер қабылдау кезінде пайдаланады. Бет-әлпетті тану жүйелері осы принцип бойынша жұмыс істейді. Олар адамның жаңа келбетін - басқа шаш үлгісі, мұрты, бет әлпетін, жасқа байланысты өзгерістерді есте сақтайды. Бұл пайдаланушыларға смартфонның құлпын ашуға немесе Face ID технологиясы арқылы төлемді растауға мүмкіндік береді.
Ақыл теориясы
Әзірлеушілер мұндай бағдарламаларды адамның сезімін, көңіл-күйін тануға үйретеді. AI адамның жағдайын болжап, нәтиже шығаруда соларды ескереді. Адаммен байланысқа түскенде бағдарламалар қажетті эмоцияларды көрсете алады. Қазір мұны виртуалды көмекшілер мен кейбір тілдік модельдер жасайды. PI роботы әңгімелесушінің көңіл-күйін тани отырып, әңгімені эмпатикалық түрде қолдай алады. Дегенмен қазақ тілінде жақсы қызмет көрсетеді деп айта алмаймыз. Бұл уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз.
Жасанды интеллект не істей алады
Аздаған уақыт жұмсап, шығармашылықты қоссаңыз AI қызметтерін әртүрлі тапсырмаларда қолдануға болады. Ақылды бағдарламалардың төрт негізгі қызметін атап көрсетуге болады:
• Оқыту. AI деректердің үлкен көлемін талдау арқылы үнемі жетілдіріліп отырады. Ол жаңа ақпаратты игереді, соның арқасында көбірек тәжірибе жинақтап, тапсырмаларды дәлірек орындайды. Үлгі неғұрлым көп болса, нейрондық желі соғұрлым дами түседі.• Жасау. Осы саладағы басты тренд. Нейрондық желілер мәтіндер жаза алады, суреттер салып, бейнелер, есептер жасай алады – бір сөзбен контент әзірлейді.• Шешім қабылдау. Нейрондық желілер деректерді өңдейді және мәселенің ең жақсы шешімін ұсынады. Сондықтан жасанды интеллектті бизнес-аналитикада, маркетингте, өндірісте, логистикада және басқа салаларда қолдануға болады. Мысалы, көліктердегі жеткізуші роботтар мен Autopilot жүйесі маршруттарды құруды үйренді. Олар жол ережелерімен қозғалады және апаттардан аулақ болуды біледі.• Жанды әрекеттер. Жасанды интеллект тек әдеби мәтіндерді ғана емес, сонымен бірге адамның аяқасты мәлімдемелерін де түсінеді. Ол негізгі ойды анықтап, жауап береді. Сонымен қатар сөйлем құрып, аудио жазбаларды тазалап, дауысты мәтінге айналдырады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұл мүмкіндікті пайдаланып жатыр.5 уроков по
Бизнес үшін AI пайдалану
Жасанды интеллект бизнес пен қоғамдық өмір салаларын дамытуға көмектесуде. Атап айтар болсақ:
Экономика. AI жұмысты жеңілдетіп, компанияларды бәсекеге қабілетті, өнімді жақсартатын бағдарламаларды әзірлеу үшін қажет. Технология жаңа нарықтар мен бизнес салаларын құруда. Сондай-ақ, біліктілігі жоқ жұмысқа деген қажеттілік азайып, digital-кәсіптердің танымалдығы артып келеді.
Электрондық коммерция. Ақылды бағдарламалар компанияларға көбірек өнімді сатуға, ал клиенттерге дұрыс тауарлар мен қызметтерді табуға көмектеседі. Нейрондық желілер желідегі сатылымдар мен сатып алушылардың мінез-құлқын талдайды, клиенттердің қажеттіліктерін болжайды. AI негізіндегі боттар тауарлар таңдауын жасайды, автоматты түрде лидтерді сатылым иіріміне жөнелтіп, сұрақтарға жауап береді.
Қауіпсіздік. Смартфон өндірушілері бет-әлпеттінемесе саусақ іздерін сәйкестендіруді жүзеге асырады. Компьютерлік қауіпсіздік, зиянды бағдарламалар мен хабарламаларды табу да осыған кіреді.
Білім. Ақылды жүйелер адамдарды ақылды етеді. Бағдарламалар студенттердің жұмысын тексереді: қателерді табады, оларды түсіндіреді, материалды қайталауға тапсырмалар береді.
Денсаулық сақтау. Ақылды бағдарламалар талдау, рентген, ЭКГ, МРТ нәтижелерін түсіндіреді. Олар ауруды, оған бейімділікті анықтауға көмектеседі. Нейрондық желілер дәрі-дәрмектердің, вакциналардың, медициналық жабдықтардың дамуын тездетеді.
Ойын-сауық. Нейрондық желілер бос уақыт пен демалыс саласына еніп кетті. AI демалыс сапасын жақсартады, музыка, әдеби шығармалар, ойындар жасайды. Олар әр адамға қарай жеке контент ұсынады. Жазылымдар мен іздеу тарихына сүйене отырып, пайдаланушыға қызықты болатын бейнелерді көрсетеді. Ал музыкалық қызмет тыңдаушының қалауы бойынша композициялар таңдауын жасайды.
Битрикс24 AI-ді қалай қолданады
AI тек қана деректерді өңдеу мен талдауда ғана емес, сонымен қатар бизнес процестерді автоматтандыруда да маңызды рөл атқарады. Сондай технологиялардың бірі - CoPilot, ол пайдаланушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындауда көмек көрсетеді және бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашады.
CoPilot дегеніміз не
CoPilot - AI көмекші, екінші бас. Бір бастан екі бас жақсы дейді ғой, сол сияқты бұл сіздің виртуалды әріптесіңіз, ол идеяны ойлап табуға және жетілдіруге, жоспар құруға, мәтінді басқа тілде жазуға және аударуға, мәтіннен немесе қоңыраудан басты мәліметтерді бөлектеуге көмектеседі. Тіпті сайтқа html кодын жазады.
CoPilot мүмкіндіктері өте көп, біз бұл жөнінде толығырақ келесі материалда айтамыз.