Битрикс24 Коллабтар: бірігіп жұмыс істеуге арналған AI платформа

Битрикс24 Коллабтар: бірігіп жұмыс істеуге арналған AI платформа

Коллаб деген не? 

Қазір коллаб деген сөзді жиі естиміз. Әсіресе блогерлер көп қолданады, бірі-бірімен коллаб жасап жатады. Сонда бұл не? Мағынасына үңіліп көрдіңіз бе? Коллаб - ағылшынның «collaboration», «collab» деген сөздерінен шыққан, «ынтымақтастық», «бірлескен жұмыс» деген мағына береді. Яғни бірнеше адамның немесе компанияның бірігіп жұмыс істеуі. 

Битрикс24 Коллаб деген ? 

Битрикс24 Коллабтардың да қызметі ынтымақтастық. Бұл сыртқы командалармен және клиенттермен бірлесіп жұмыс істеуге арналған кеңістік.

Жұмыста тек әріптестер ғана емес, компаниялар басқа компаниялармен бизнес жүргізеді, мердігерлермен және клиенттермен байланысады, осы тұста коллабтар көмекке келеді. 

Коллаб қалай көмектеседі?

Енді әр түрлі қосымшалар арасында ауысудың қажеті жоқ, қажетті қызметтердің бәрі коллабта бар:  

• Мессенджер• Бейне қоңыраулар• Бейне қоңыраулардағы CoPilot Follow-up (кездесудің хаттамасын жасайды, идеялар ұсынады, айтылған ойларды талдайды)• Міндеттер• Файлдар• Күнтізбе

Мысалы, сіз қызметкерлер үшін тренинг өткізгіңіз келеді, сарапшыны коллабқа шақырасыз. Коллабтың барлық қатысушылары курс материалдарын оқып, оларды бірлескен қоңырауларда талқылап, міндеттермен жұмыс істей алады.

Біріншіден, қорғалған мессенджер бар, жазған дүниелерді тек қатысушылар көреді, екіншіден, талқылаудан кейін бірнеше шерту  арқылы міндеттерін бөліп беруге болады. Үшіншіден, бейнеқоңыраулар, жобаның барлық файлдары, міндеттер және жалпы күнтізбе сізбен бірге серіктестеріңізге де  қолжетімді болады. 

Битрикс24 CoPilot Follow-up – бұл Битрикстің жаңа қызметі. Керемет қызметі десем артық айтпаған болармын. Бұл жұмыс қоңырауларын пайдалы ететін құрал. AI-көмекші әңгімені талдайды және онлайн кездесудің қысқаша мазмұнын жасайды: 

 1. Маңызды келісімдерді жазып алады: бастамалардың ешқайсысы жоғалмайды.

2. Талқылауды қалай нәтижелі ету болатынын айтылады. 

3. Әр қатысушының үлесін бағалайды.

4. Әр идеяны талдайды және пікір білдіреді және оны қалай жақсартуға болатынын ұсынады. 

5. Кездесудің толық мәтінін жасап шығады.

 Бір сөзбен айтқада хатшының қызметін атқарады, бүкіл кездесулердің хаттамасын жасайды. Сіз хаттамадан маңызды ақпаратты көріп, не істеу керектігін ұмытпайсыз. 

 Науқан 

Идеяларды іс-әрекетке айналдырып, командалар бір шаңырақ астында жұмыс істейтін алаң іздесеңіз дәл қазір Битрикс24 науқан жүріп жатыр. Өнімдерін арзан бағада сатып алуға болады.  

• 12 ай мерзімге бұлтты тарифтерді сатып алу кезінде жаңа клиенттер үшін 35% дейін жеңілдік;• 12 ай мерзімге Стандартный, Профессиональныйтарифтеріне өту кезінде 30%  және  Энтерпрайзтарифіне 35% жеңілдік;• Битрикс24 және "1C-Битрикс: Сайтты басқару"қорап нұсқасына 25% дейін жеңілдік;

Науқан 31 желтоқсанға дейін 

TSARKA қолдауымен