Битрикс24 командалардың тиімді жұмысына арналған AI-аналитика және басқа да жаңалықтарды ұсынды
Битрикс24 жылдағы дәстүр бойынша күзгі өнімдерін таныстырды. Гравитация деп аталатын шарада жаңа құралдардың мүмкіндіктері көрсетілді. AI көмегімен сайттар құру, 1000 адамға арналған бейнеконференциялар өткізу, сондай-ақ сатылымда дауыстық аналитика қолдану және сыртқы командалармен Коллабта жұмыс жасау, мұның бәрі жаңартылған нұсқада қолжетімді.
Жаңартулар қазақстандық пайдаланушыларға бүгіннен бастап қолжетімді.
Коллаб - сыртқы командалармен және клиенттермен бірлесіп жұмыс істеуге арналған Битрикс24 ішіндегі бөлек кеңістік. Барлық құралдар мен адамдар бір жерде жиналады. Кәдімгі және қорғалған мессенджер бар, онда талқылау аяқталған соң бірнеше шертумен міндеттер жасауға болады. Сондай-ақ, бейне қоңыраулар, жобаның барлық файлдарына, міндеттерге және жалпы күнтізбеге қол жеткізу мүмкіндігі қарастырылған.
Битрикс24 Онлайн-тіркеу - бұл брондау қызметі, бизнестің толыққанды жұмыс істеуіне көмектеседі. Құралдың басты міндеті - әр саланың (адам, қызмет) жұмыспен қамтылуын, пайда әкелуін қамтамасыз ету.
Мысалы, компания жүргізушілермен бірге көліктерді жалға береді делік. Яғни, жұмыс барысына қатысушылар көп, жүргізушілер, техниктер, т.т. Онлайн-тіркеуде осы қызметкерлердің барлығының бос уақыт аралықтары біріктіріліп, ең қолайлысы таңдалады.
Ал CRM интеграциясы клиенттер базасын ұлғайтуға және клиенттермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Онлайн-тіркеуді тікелей мәміледен жасауға болады.
Битрикс24 Тақталар - идеялармен, стратегиялармен және процестермен бірлесіп жұмыс істеуге арналған жаңа визуалды кеңістік. Енді басқа жүйелерге тіркелудің қажеті жоқ, Битрикс24-тің өзге құралдарымен байланыстырылған өз тақтасы бар.
Битрикс24 AI-сайттары. CoPilot көмегімен бірнеше минут ішінде сайт жасай аласыз - AI-көмекшісіне қандай сайт қажет екенін сипаттаңыз, ол бірден іске кіріседі. Өзгеріс енгізу қажет болса AI-көмекшісімен чатта тілдесе бересіз.
CoPilot-та дайын қалыптар бар, ол дизайнды өз бетінше таңдайды, мәтіндер жазады, суреттер жасайды және нысандар қосады. Сайттағы барлық ықтимал клиентер автоматты түрде CRM-де сақталады.
Битрикс24 Синк
Релиздің басты жаңалықтары:
1. 1000 адамға арналған бейне қоңыраулар2. Қоңыраулардағы жаңа CoPilot Follow-up өнімі
Битрикс24 CoPilot Follow-Up
Битрикс24 CoPilot Follow-Up - бұл Синктегі жұмыс қоңырауларын пайдалы ететін құрал. AI-көмекшісі әңгімелесуді талдап, онлайн кездесудің қысқаша мазмұнын жасайды: маңызды келісімдерді тіркейді, әрбір қатысушының үлесін бағалайды, кездесуді толық қағазға түсіреді.
BI Құрастырушыдағы жаңашылдықтар
BI Құрастырушы - әртүрлі көздерден алынған деректерді бір жүйеде жинауға мүмкіндік береді. Бұл 1С деректерінің сыртқы коннекторлары мен Яндекс, VK және Google жарнамалық кабинеттерінің, CSV-файлдарын импорттаудың арқасында жүзеге асады. Нәтижесінде - P&L, маркетингтік ROI, маржа және саудадан қалған пайда сияқты Басқару есептерін жасауға болады.
AI бар Дауыстық аналитикасы және дайын сату сценарийлері
Битрикс24-те сіз сатылым мәтіндерін өзіңіз жасай аласыз немесе дайын сценарийлерді қолдана аласыз - өңдеу оңай. AI-көмекшісі оны менеджердің клиентпен байланысын талдау және ұсыныстар беру үшін пайдаланады.
Қоңыраудан кейін менеджер CoPilot бағасын тікелей мәміле картасында көре алады. AI-көмекшісінің кеңестері клиенттердің тезірек сауда жасауына көмектеседі.
Ағындардағы жаңашылдық
Міндеттерді қоюшы Ағынға кіріп, қызметкерлердің қаншалықты бос немесе бос емес екенін және қойған міндеттерін қашан орындай алатынын көреді. Орындаушы үшін де процестер айқын: ағынның әрбір қатысушысы міндеттердің қандай принцип бойынша бөлінетінін түсінеді және жүйе оны орындаушы етіп тағайындағаннан кейін жұмысты бастайды.
2024 жылдың көктемінде Ағындарды шығармас бұрын Битрикс24 командасы өзінің заң бөлімінде қызметті сынап көрген еді. Нәтижесі:
1. Бөлім басшысы айына 22 сағатты үнемдеген, өйткені міндеттер автоматты түрде таратылды.2. Қызметкерлер тапсырмаларды бұрынғыдан 2-5 есе жылдам орындай бастады.
CRM Битрикс24-те дайын рөлдер бар, мысалы, сату жетекшісі немесе әкімші. Оларды жасаудың қажеті жоқ, қалыптар сияқты жұмыс істейді.
Енді сіз кез келген қызметкерді сату жетекшісі рөліне тағайындай аласыз және олар автоматты түрде иірімдерді өңдеуге қажетті рұқсаттар мен құқықтарға ие болады. Бұл қызметкерлерге әртүрлі модульдерге қол жеткізуге құқықты қолмен баптағаннан оңайырақ және жылдамырақ.
Жаңа Битрикс24 қызметтері мен AI құралдарын дәл қазір сынап көріңіз.