Қазақстанда Decentrathon 2.0 өтеді: $50,000 жүлде қоры және виртуалды вакансиялар жәрмеңкесі

Қазақстанда Decentrathon 2.0 өтеді: $50,000 жүлде қоры және виртуалды вакансиялар жәрмеңкесі

2024 жылдың 18-19 қазанында Қазақстанда Decentrathon 2.0 атты ең ірі мультилокациялық хакатон өтеді. Іс-шараның жүлде қоры – $50,000. Хакатон еліміздің 17 аймағын қамтып, оған AI, Blockchain, GameDev және Telegram mini apps бағыттарындағы мәселелерді шешуге 2500-ден астам әзірлеуші қатыспақ.

Decentrathon 2.0 Қазақстанда өткен алғашқы хакатоннан әлдеқайда ауқымды болады. 2023 жылы 9 аймақтан 1500-ден астам адам қатысса, биыл хакатонға Қазақстанның жетекші университеттері мен технопарктерін қамтитын 17 аймақ қосылды.

Қатысушыларға жүлде қоры үшін жарысу, жетекші IT компанияларға жобаларын таныстыру және саладағы мықты мамандардан білім алу мүмкіндігі беріледі. Хакатонға әзірлеушілер мен технологияларға қызығушылық танытқандар қатыса алады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев:

«Decentrathon — жасанды интеллект пен технологияларды дамытуға бағытталған Generative Nation қозғалысының маңызды бөлігі. Биыл хакатон елдің AI-трансформациясында үлкен рөл атқарады, барлық өңірлерде жастарға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беріледі», – деп атап өтті.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев хакатонның AI саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталғанын, ал BAITC директоры Айдана Қасқырбек хакатонның елдегі AI қауымдастығын құруға маңызды қадам болатынын атап өтті.

Хакатон туралы барлық ақпарат: decentrathon.ai/ru 
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/wqeMWgS5j9DFUWZt7

TSARKA қолдауымен