Қазақстандағы сауалнама нәтижелері: Жұмыс берушілер үшін үміткерлерді іріктеуде не маңызды

Қазақстандағы сауалнама нәтижелері: Жұмыс берушілер үшін үміткерлерді іріктеуде не маңызды

Үміткерлерді дұрыс іріктеу — команданың өнімділігіне, ұжым ішіндегі атмосфераға және компания имиджіне әсер ететін стратегиялық маңызды кезең. Бұл процесстегі қателіктер уақыттың, ресурстардың жоғалуына және тиімділіктің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Тиімді іріктеу сұхбаттан әлдеқайда ерте басталады: вакансияны дұрыс сипаттау, үміткерпрофилін саралау, оның корпоративтік мәдениетке сәйкестігін бағалау. Жұмыс берушілер пікірінше үміткерлер барған сайын жұмысты кешенді түрде іздейді: тек кәсіби дағдыларын ғана емес, сонымен қатар мотивациясын, икемділігін және даму әлеуетін де қарастырады.

HeadHunter (hh.kz) 130 компания өкілдері арасында сауалнама жүргізіп, үміткерлерді іріктеуде қандай қасиеттер мен критерийлер шешуші рөл атқаратынын анықтады.

 Үміткердің қандай қасиеттері ең маңызды деп санайсыз?

• Кәсіби дағдылары мен тәжірибесі — 85%

• Мотивациясы мен жұмысқа қызығушылығы — 73%

• Икемділігі мен үйренуге қабілеті — 60%

• Коммуникация дағдылары және командамен жұмыс істей білуі — 48%

• Корпоративтік мәдениетке сәйкестігі — 10%

• Басқа — 2% 

Екі бірдей үміткер арасынан таңдауда қандай фактор шешуші болады?

• Сұхбат кезіндегі жеке әсер — 62%

• Дамуға деген әлеуеті — 48%

• Компания құндылықтарына сәйкестігі — 38%

• Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар — 28%

• Тест тапсырмасы немесе кейс-сұхбат — 19%

• Басқа — 2%

Сіз үшін не маңыздырақ: тәжірибе ме, әлде потенциал ма?

• Көбіне тәжірибе, бірақ әлеует те маңызды — 52%

• Лауазымға байланысты — 42%

• Потенциал маңыздырақ — бастысы, «оттай жану» керек — 41%

• Тек тәжірибе — 5%

• Басқа — 1%

 Сіздің ойыңызша soft skills қаншалықты маңызды?

• Лауазымға байланысты — 57%

• Маңызды, бірақ екінші орында — 34%

• Өте маңызды — оларсыз жұмысқа алмаймын — 23%

• Онша маңызды емес, бастысы — hard skills — 9%

• Басқа — 1%

 Жұмыс орнын әр 1–2 жыл сайын ауыстыратын үміткерлерге көзқарасыңыз қандай?

• Бейтарап — себебіне байланысты — 55%

• Нақты үміткер жұмысына байланысты — 38%

• Теріс — «джамперлерді» ұнатпаймын — 22%

• Оң көзқарас — икемді әрі амбициялы адамдарды іздеймін — 5%

 Жұмыс берушілер не дейді: пікірлер мен түсініктемелер

 «Үміткер туралы алғашқы әсерді түйіндеме мен мотивациялық хат қалыптастырады. Толық жазылған түйіндеме + компаниямызға арнайы жазылған хат = сұхбатқа шақыру».

«Тек кәсіби емес, жеке қасиеттер де маңызды: компания құндылықтарын бөлісе ме, адал ма, қандай тәжірибесі бар».

«Бәрі лауазымға байланысты, бірақ сұхбат терең әрі құрылымды болуы керек, сонда ғана барлық кандидаттарға әділ қарай аламыз».

TSARKA қолдауымен