StartUp Академиясы: TikTok және Astana Hub стартаптарға арналған білім беру бастамасын қорытындылады

StartUp Академиясы: TikTok және Astana Hub стартаптарға арналған білім беру бастамасын қорытындылады

TikTok платформасы Орталық Азиядағы ең ірітехнопарк болып табылатын Astana Hub-пен серіктестікте үшінші жыл қатарынан өткізіп келе жатқанTikTok Startup академиясының кеңейтілген білімберу бағдарламасын қорытындылады. Жобастартаптарға цифрлық маркетингте жаңа білім алуғажәне TikTok-тың бизнесті ілгерілету және өсіруплатформасы ретіндегі әлеуетін толық ашуғакөмектеседі. Биыл ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген стартаптардыбіріктірді. 

Бұл бастама мақсатты аудитория арасында үлкенқызығушылық тудырды, бағдарламаға қатысуға төртелден 176 стартап өтініш берді. Қатысушыкомпаниялар әртүрлі салаларды ұсынды: өтінімдербілім беру және технологиялық саладағыкомпаниялардан, сондай-ақ е-коммерция сегментіненжәне саяхат пен ұлттық көрікті жерлерді таныстырушешімдерінен алынды. Қатысушылар TikTok-тан білімберу курсын өтті, платформада қызықтыратын мазмұнқұруды, аудиториямен өзара әрекеттесуді және тиімдіжарнамалық науқандар жүргізуді үйренді.  

Жоба финалына 40 стартап шықты, олар TikTokплатформасы мен Astana Hub өкілдеріне өздерініңплатформадағы даму мен ілгерілету стратегияларынұсыну мақсатында Астанаға келді. Финалистербірқатар критерийлер бойынша таңдалды: стартапидеясының жаңашылдығы, даму кезеңі, географиялықкеңейту жоспарлары және TikTok-та жылжытустратегиясының сапасы. Astana Hub питч-сессияларының қорытындысы бойынша 10 жеңімпазтаңдалды, олар  30 000 доллар көлеміндегі жалпыжүлде қорын өзара бөлісті, және оны TikTok-тағыілгерілетуге жұмсай алады. 

• iTarla (Азербайджан) 

• Легко (Кыргызстан) 

• Postureletics (Казахстан) 

• Stepogram (Узбекистан) 

• Food-Ai (Казахстан) 

• Qpia (Казахстан) 

• Airun (Кыргызстан) 

• Beksar (Казахстан) 

• Documood (Азербайджан) 

• Talklif (Узбекистан)

Юлия Кушнир, Қазақстандағы TikTok бизнестідамыту департаментінің басшысы: 

"Біз кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге тырысамыз жәнеолардың бизнесті ілгерілетіп, дамытуы үшінплатформамызды пайдалануға көмектесеміз. Біздіңбизнесті қолдаудағы адалдығымыз туралы StartupАкадемиясы шеңберіндегі стартап командаларынүшінші рет оқытып жатқанымыздан-ақ белгілі. Биылбіз Академия бағдарламасын кеңейтіп, төрт елденкелген 40 командаға питч-сессиялары аясындаөздерінің даму стратегияларын ұсынуға мүмкіндікбердік. Үздік идеяларды ұсынған 10 жеңімпаз өзшығармашылық идеяларын TikTokплатформасындағы жарнамалық науқандарғааударуға мүмкіндік беретін гранттарға ие болады».

Мағжан Мәдиев, "Инновациялық технологияларпаркі" ДКҚ бас директоры: 

"TikTok және Astana Hub серіктестігі - бұл жай ғанабастама емес, стартаптар мен инновациялықбизнесті дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегия. TikTok кәсіпкерлерге кең аудиториямен өзараәрекеттесуге, өз идеяларын сынауға және жаңанарықтарға шығуға мүмкіндік беретін бірегей алаңұсынады. Astana Hub үшін бұл стратегиялық маңызы бар жоба, өйткені ол біздің миссиямызға толық сәйкес келеді - стартаптардың өсуіне жағдай жасау, олардыңәлеуетін ашу және жаһандық аренада табысқажетуіне көмектесу. Біз сондай-ақ TikTok-пен серіктестігімізді білім беру бастамалары аясында да кеңейтуді жоспарлап отырмыз, соның ішіндеTomorrow School мектебі, онда біз IT мамандары мен кәсіпкерлердің жаңа буынын дайындаймыз".

TSARKA қолдауымен