Making sense of technology

АйтарлықIT

Новости технологий, бизнеса и цифровизации в Казахстане.

Все Кибербезопасность Финтех AI Гейминг Госсектор
АйтарлықITәділетгосорганы

Әділет министрлігі аумақтық органдардың жұмысын жасанды интеллекттің көмегімен оңтайландырады

ҚР Әділет министрлігі аумақтық бөлімшелерінің жұмысын жетілдіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Әділет министрі Ерлан Сарсембаев мәлімдеді. Оңтайландыру Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын пайдалану және өзін-өзі қамтамасыз ететін…

26 февраля, 2025 · 1 мин чтения
АйтарлықITжасанды интеллектҚазақстан

Қазақстанда сот шешімдері мен зияткерлік меншікке жасанды интеллект енгізіледі

Әділет министрлігі азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауды жақсарту және мәжбүрлеп орындау институтын жетілдіру бойынша бірқатар инновациялық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Әділет министрі Ерлан Сарсембаев мәлімдеді. Атап айтқанда, әділет…

26 февраля, 2025 · 2 мин чтения
АйтарлықITқорғануМобильді қосымша

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілердің туыстарымен байланысуы үшін мобильді қосымша шығармақ

2025 жылы Қазақстанда ARMIA.KZ мобильді қосымшасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қосымша мерзімді әскери қызметшілердің туыстарына олардың тұрмыс жағдайы, тамақтануы және медициналық тексерістері туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР…

25 февраля, 2025 · 1 мин чтения
АйтарлықITАэроғарышҚазақстан

Қазақстан мен Қырғызстан цифрландыру және ғарыш технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Адылбек Касымалиев цифрлық және ғарыш салаларында әріптестікті нығайтудың перспективаларын талқылады. Қырғыз делегациясы сапар аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық ғарыш…

25 февраля, 2025 · 2 мин чтения
АйтарлықITАлаяқтықКиберқауіпсіздік

Қазақстандықтар өз атына несие рәсімдеуге телефон арқылы тыйым сала алады

Қазақстанда өз атыңызға несие рәсімдеуге тыйым салу мүмкіндігі пайда болды – тек 1414 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Бұл шара азаматтарды алаяқтық пен заңсыз несие рәсімдеуден қорғауға бағытталған. Тыйымды белсендіру үшін: ● 1414…

25 февраля, 2025 · 1 мин чтения
Astana Hubtomorrow schoolАйтарлықIT

Tomorrow School жасанды интеллект бойынша тегін оқуға қабылдау ашты

Astana Hub Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі Tomorrow School-дың төртінші легіне өтінімдер қабылдап жатқанын хабарлайды. Оқу 18 жасқа толған барлық ниет білдірушіге қолжетімді. Алдыңғы үш лекке 503 адам іріктеліп, олардың 77-сі…

25 февраля, 2025 · 2 мин чтения
whatsappАйтарлықITантикор

Антикор сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін WhatsApp чат-ботын іске қосады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау және кеңес алу үшін жаңа құрал – WhatsApp чат-бот «Антикор 1424» қызметін таныстырды. Енді кез келген Қазақстан азаматы мессенджер арқылы жемқорлық құқықбұзушылықтары…

24 февраля, 2025 · 1 мин чтения
АйтарлықITжасанды интеллектуниверситет

Қазақстанда студенттерге арналған ЖИ оқыту бағдарламасы іске қосылады

Қазақстанда студенттерге арналған жасанды интеллект бойынша оқу бағдарламасы іске қосылады Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 100 мың студенттің жасанды интеллект саласындағы білімін және дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық AI-Sana бағдарламасының іске…

24 февраля, 2025 · 2 мин чтения
АйтарлықITжасанды интеллектұбт

ҰБТ сұрақтары жасанды интеллекттің көмегімен әзірленеді

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллектті (ЖИ) ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырмаларын әзірлеуге қолданатынын жариялады. Бұл туралы министрліктің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте…

24 февраля, 2025 · 2 мин чтения
facebook adsGoogle AdsАйтарлықIT

Қазақстандағы кликтер бағасы: Google Ads арзандауда, Facebook Ads қымбаттауда

2024 жылдың 4-тоқсанында Қазақстандағы Google Ads жүйесінде клик бағасы айтарлықтай төмендеді — кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 80%-ға дейін жетті. Сарапшылар бұл төмендеуді Q5 әсерімен байланыстырады, ол қарбалас алдындағы демалыс маусымынан кейінгі минималды…

24 февраля, 2025 · 6 мин чтения
TikTokАйтарлықITМұғалім

Қазақстандық мұғалім TikTok-тың әлемдік креаторлар тізіміне енді

Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміБотагөз Омарова TikTok-тан Discover List 2025-ке кіре отырып, халықаралық деңгейде танылды. Discover list — бұл АҚШ-тан Австралияға дейінгі, Жапониядан Оңтүстік Африкаға дейінгі дүниежүзібойынша TikTok пен оның қауымдастығынаайтарлықтай әсер еткен платформаның көрнекті50 креаторының тізімі.  Discover List — бұл көрермендерді шабыттандырып, трендтерді қалыптастыратын планетаның түкпір-түкпіріндегі көрнекті мазмұн авторларын атап өтугеарналған арнайы TikTok жобасы. 2025 жылы тізімге бес тақырып санатындағы креаторлар енді: • Оқытушылар (Educators) – қолданушылардыоқытып, шабыт беретін авторлар. • Гурмандар (Foodies) – бірегей кулинарлық мазмұнжасайтын креаторлар.• Иконалар (Icons) – трендтер мен сандық мәдениеткөшбасшылары. • Инноваторлар (Innovators) – форматтар мен мазмұнмен тәжірибе жасайтын авторлар. • Музыканттар (Originators) – вирустық трендтерді, дыбыстарды және мемдерді жасаушылар. Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентіненшыққан орыс тілі мұғалімі Ботагөз Омарова@botagozomarova2 платформадағы білім беру мазмұнына қосқан үлесі үшін «Оқытушылар» санатында атап өтілді. Тәжірибесі бар мұғалім пән оқытуды уақыт өткізу мен ой-өрісті кеңейтудің жағымды тәсіліне айналдырып, TikTok-та танымал мазмұн авторына айналды. Оныңконтентінде харизмалық ұсыну, әзіл жәнебейстандартты оқыту тәсілдері біріктірілген, бұлмиллиондаған TikTok пайдаланушылары үшін орыстілін үйренуді қолжетімді әрі қызықты етеді. Шығармашылық форматының арқасында оныңсабақтары мектеп оқушыларымен қатар білімінжетілдіргісі келетін ересектерге де ұнайды. Ботагөзбен бірге бұл санатқа Польша, Австралия, АҚШ, Сауд Арабиясы, Кения және Ұлыбританияданбілім беру контентінің 9 авторы кірді. «Мен әрдайым оқу мен тіл үйрену ережелерді құрғақжаттау ғана емес, қызықты процесс екенінкөрсеткім келетін. Tik Tok-тың халықаралықкөрнекті…

24 февраля, 2025 · 5 мин чтения
AmanatАйтарлықITцифрландыру

«AMANAT» партиясы цифрлық сауаттылықты арттыру үшін «Цифрлық қоғам» жобасын іске қосады

«AMANAT» партиясы Қазақстан азаматтарының цифрлық сауаттылығын арттыру және киберқауіпсіздігін нығайту мақсатында ауқымды «Цифрлық қоғам» жобасының басталғанын жариялады. Бұл жоба мемлекеттік органдар мен сарапшылардың қатысуымен әзірленіп, цифрлық гигиена бойынша білім беру бағдарламаларын, балалар…

24 февраля, 2025 · 2 мин чтения
DIGITALАйтарлықITнеконференция

Қарағанды қаласындағы Неконференция: IT және digital мамандарына арналған дәрістер мен нетворкинг

27 ақпан күні Қарағандыдағы IT-хабта кезекті Неконференция өткізіледі. Бұл іс-шараның форматы дәстүрлі бизнес форумдар туралы стереотиптерді өзгертеді . Ұзақ баяндамалардың орнына — динамикалық баяндамалар, қызықсыз теорияның орнына — IT және бизнес саласының…

21 февраля, 2025 · 3 мин чтения
RobolandАйтарлықITмереке

Roboland 2025 өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде!

28-29 наурызда Қарағандыда «Жастар» спорт кешенінде RoboLand 2025 Х мерейтойлық халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтеді. RoboLand – Қазақстандағы алғашқы және ең ірі робототехника жобасы, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың…

21 февраля, 2025 · 3 мин чтения
АйтарлықITҚазақстанҚҚС

Қазақстанда «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасы іске қосылды

Қазақстанда цифрлық теңге негізінде блокчейн технологиясы қолданылатын «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл – ұлттық валютаның жаңа формасы. Жобаны Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп жүзеге асырып жатыр және оның мақсаты…

21 февраля, 2025 · 2 мин чтения
АйтарлықITвирускриптовалюта

Қазақстандықтарға ойындар түрінде криптомайнер жұқтырылды

Kaspersky GReAT («Касперский зертханасы» жаһандық қауіп-қатерді зерттеу және талдау орталығы) командасы шабуылдаушылар торрент-трекерлерге ДК ойындарының тегін нұсқалары ретінде таратылғанын анықтады, Трояндықтар жұқтырған құрылғыларға XMRig майнерінің модификацияланған нұсқасын жүктеген. Майнерді тарату науқаны 2024…

21 февраля, 2025 · 3 мин чтения
pamodoroАйтарлықIT

Pomodoro техникасы: Өнімділікті арттырудың қарапайым әдісі

Күнделікті тапсырмалар, әлеуметтік желілер жәнесыртқы факторлар жұмысқа толықтай шоғырлануғакедергі келтіріп жатады. Осы мәселенің шешімі ретінде уақытты тиімді басқарып, түрлі техникаларды қолдануды ұсынған едік. Бүгін солардың біріне толығырақ тоқталамыз. Pomodoro техникасы жұмыстыуақыт блоктарына бөлу арқылы өнімділікті арттыруға көмектеседі. Pomodoro әдісі дегеніміз не? Pomodoro техникасы 1980-жылдары Франческо Чириллоатты италиялық студент тарапынан ойлап табылған. Олоқуға жақсырақ шоғырлану үшін уақытты 25 минуттық жұмыс және 5 минуттық үзіліс кезеңдеріне бөлуді ұсынған. Pomodoro (итальянша «қызанақ») атауы Чириллоның асүйдегі қызанақ пішінді таймерді қолданғанынан шыққан. Осылайша, мидың шаршамай, ұзақ уақыт бойы тиімдіжұмыс істеуіне мүмкіндік туады. Pomodoro әдісі қалай жұмыс істейді? Франческо Чирилло уақыт шектеулі деп санайды. Оны ешкім тоқтата немесе көбейте алмайды, сондықтан адамзатуақыттан қорқады. Біздің миымыз жұмысты толықтай атқаруымыз үшін көбірек жұмыс жасап, демалыссыз әрекететуге итермелейді. Бірақ бұл әдіс адамды тез шаршатады, жалықтырады, үлгермей жатсақ көңіліміз қалып, өзімізді кінәлі сезінеміз, өзімізді жазғыра бастаймыз.  Сидней университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сай тапсырмалар арасында демалыс алу шаршауды азайтадыжәне энергияны арттырады. Эксперимент үшін ғалымдар 72 студентті таңдап, екі топқа бөлді. Бірінші топ математикадан жаңа тақырыпты 50 минут үзіліссіз оқыды. Екінші топ  25 минут жұмыс істейді, содан кейін 5 минуттық үзіліс жасап, әртүрлі бейнематериалдар қарайды. Соңында екі топ бақылау жұмысын жасайды.  Зерттеу нәтижелері екінші топтың тапсырманы 40% жақсырақ орындағанын көрсеткен. Зерттеу авторларының бірі Пол Джиннстің айтуынша, эксперимент pomodoro әдісітапсырмаларды жақсырақ орындауға көмектесетінін көрсеткен.  Кім қолдана алады?  Pomodoro  әдісі сізге сәйкес келіп-келмейтінін түсіну үшін Франческо Чирилло мынаны еске түсіруді ұсынады:  • Сіз бір тапсырмамен жұмыс істеп жатасыз да кенеттенбасқа нәрсе жасап кетесіз. Мысалы: жұмысыңызғаназар аударудың орнына  әлеуметтік желіге кіріп, поштаны тексеріп, әріптесіңізбен сөйлесіп кетесіз. • Сіз жұмыс істеп жатып, «Мен бәрін дұрыс істепжатырмын ба?», «Шұғыл нәрсе туралы ұмытпадымба?», «Мүмкін мұны істеудің басқа жолы бар шығар?» деген сияты сұрақтарға алаңдап кетесіз.…

21 февраля, 2025 · 7 мин чтения
АйтарлықITелдеррейтинг

2025 жылы цифрлық көшпенділер үшін ең үздік елдер

VisaGuide.World путеводителі қашықтан жұмыс істеуге ең қолайлы елдердің жаңа рейтингін жариялады. Биыл тізімге 55 ел мен аумақ кірді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 17-ге көп. Бағалау критерийлері: — Салықтар және салықсыз кезең…

21 февраля, 2025 · 1 мин чтения
АйтарлықITҚауіпсіздікөнеркәсіп

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылауға арналған цифрлық жүйе құрылады

Президент тапсырмасы бойынша қауіпті өндірістердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтіледі. Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс кеңесін өткізіп, өнеркәсіптік қауіпсіздікті цифрландырудың жаңа тәсілдерін қарастырды. Төтенше жағдайлар, өнеркәсіп, құрылыс, еңбек және цифрлық даму министрлері еңбекті…

21 февраля, 2025 · 2 мин чтения
АйтарлықITҚазақстанойын

Game of Drones: қазақстандықтар нақты техникамен басқарылатын әлемдегі алғашқы ойынды іске қосты

Қазақстандық Game of Drones стартабы интернет арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен шын дрондарды басқаруға мүмкіндік беретін бірегей киберспорттық онлайн-ойынды ұсынды. Бета-тестілеуге 23 елден 10 000 ойыншы қатысса, бүгінде жоба жаңа деңгейге шығып, Android жүйесінде ресми түрде…

21 февраля, 2025 · 3 мин чтения
1 38 39 40 41 42 68